Статистика және есептер

e-Learning – білім беру саласын, алғашқы кезекте ҚР Білім және ғылым министрлігі үшін бақылау мен басқаруды, қолдау мен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін бірыңғай және сенімді ақпарат көзі.

image01

Ұлттық білім беру деректер қоры

ҰБДҚ - бұл білім беру саласы бойынша алғашқы статистикалық деректер жинау және өңдеу жөніндегі бизнес-үдерістерді автоматтандыруға арналған, ЭОЖ кіші жүйесі.

ҰБДҚ-да «ҚР БҒМ – білім басқармасы – білім бөлімі – білім ұйымы» тізбегі бойынша қолмен толтырылатын және жиналған, әкімшілік есептер үшін деректер жинау автоматтандырылған.

ҰБДҚ-да материалдық-техникалық базаға, кадрлық құрамға және контигентке қатысты, есептерді әрі қарай автоматты қалыптастыру үшін білім беру ұйымынан деректер жинау үдерісі автоматтандырылған:

  • 7997 мектепке дейінгі білім беру ұйымы
  • 7413 бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы
  • 906 балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы
  • 190 жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы
  • 858 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы
  • 137 арнайыландыпылған білім беру ұйымы
  • 293 арнайы білім беру ұйымы

Білім беру статистикасы

Жүйеден алынған деректер әртүрлі аспектілер бойынша әртүрлі деңгейлерде білім беру саласында мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Үлгерім және қатысу

  • әрбір оқушы, мұғалім/оқытушы, пән, сынып/топ, паралельдер/мамандық, жалпы білім беру ұйымдары бойынша үлгерім мен қатысудың ағымдағы және қорытынды көрсеткіштері негізінде есептер қалыптастыру мүмкіндігі
  • сыныпта/топта, параллельде/курста, мамандықта оқитындардың рейтингін анықтау
  • жоғарғы және төменгі көрсеткіштері бар оқитындардың топтарын бөлу
  • тоқсаннан/семестрден, жылдан жылға нәтижелер үрдісін қадағалау
  • берілген параметрлер бойынша топтарды, сыныптарды, параллельдерді, мамандықтарды салыстыруды жүргізу
  • табельдер, емтихан ведомостерін, аттестатқа/дипломға қосымшалар қалыптастыру

Контингент

  • құрамы, саны бойынша есептер қалыптастыру
  • оқитындардың қозғалысы туралы деректер
  • оқитындарды қабылдау және бітіруі туралы деректер

Кадрлық құрам

  • педагогикалық жұмыскерлер жұмысының сапасын салыстырмалы бағалау
  • кадрлық құрам бойынша есептер қалыптастыру
  • оқу жүктемесінің орындалуы бойынша есептер қалыптастыру
  • біліктілігін қалыптастыру туралы деректер

Жүйеде жұмыс жасау

  • пайдаланушылардың жүйедегі белсенділігі туралы есептер қалыптастыру
  • электрондық журналдың толтырылуы және белгілердің жинақталуы туралы есептер қалыптастыру
  • электрондық кітапхананы пайдалану бойынша есептер қалыптастыру

Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау

  • оқу жоспарларының орындалуын бақылау (пән құрамы, көп еңбек сіңіруі, зерделеу мерзімдері бойынша МЕМСТ сәйкестігі)
  • Типтік оқу бағдарламаларының сәйкестігін бақылау

ҚР БҒМ және оның ведомствосы:

  • өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша салалық мониторинг және үйлестіру
  • басқарушылық шешімдер жағдайларының барынша негізді және барабар талаптарын талдау және қабылдау үшін көрсеткіштер пайдалану
  • білім беру саласына қатысты, халықаралық индикаторлармен салыстыру үшін деректерді пайдалану
  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту және ахуалы туралыжыл сайынғы Ұлттық жинақ пен Ұлттық баяндама қалыптастыру үшін деректерді пайдалану

Енгізу нәтижелері

  • әртүрлі статистикалық деректерді жинау және өңдеу жөніндегі қиын, еңбек сіңірді қажет ететін операциялардан білім беру саласындағы жұмыскерлерді босату
  • e-Learning қосылған БҰ бойынша кадрлық құрамға, оқитындар контигентіне, үлгерімі мен қатысуына қатысты, сенімді статистикалық ақпаратты жедел жинау мүмкіндігі
  • 17794 мектепге дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік техникалық білім беру ұйымға 106 әкімшілік деректер қалыптастыру бойынша алғашқы статистикалық деректерді автоматты түрде жинау, өңдеу
  • «адамдық фактормен» байланысты қателіктерді болдырмау
  • үлкен ауқымды деректерді жылдам және жоғарғы сенімділікпен өңдеу
  • пайдаланушылар үшін қолайлы нысанда статистикалық деректерді ауанилау