Цифрлық контент

Цифрлық білім беру контенті – бұл интерактивтік формадағы оқытуды қамтамасыз ететін оқытылатын пәндер бойынша цифрлық дидактикалық материалдар: фотолар, дыбыс- және бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық моделдер, виртуалдық шындық және интерактивтік моделдеу объектілері, т.б.материалдар.

image01

Қазақ және орыс тілдерінде

Қазіргі уақытта цифрлық білім беру ресурстары оқу тілімен сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Сонымен бірге, электрондық жүйе, мултитілдікті қолдап, оқу материалдарын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқуды жүргізетін басқада тілдерде, және шетел тілдерінде орналастыруға да тануға да мүмкіндік береді.

Мектеппен колледжге арналған

Жүйеде жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың оқу бағдарламаларымен сәйкес әртүрлі пәндер бойынша цифрлық білім беру ресурстары орналасқан. Барлық материалдар авторлық құқықтарын ескерумен жеңіл жүктеледі. Қажетті материалды кез келген форматта табуға болады, сондай-ақ пәндер және тақырыптар бойынша құрылымдалған каталогтар бар. Қажетінше кітапхананың пайдаланушылары e-Learning-тен тыс басқада электрондық кітапханаға қолжетімділік және сілтемені алады.

Жалпы орта білім беру

10,604 ЦБР мектептің 15 пәні бойынша әзірленген, оның ішінде 8 пән - қоғамдық-гуманитарлық, 7 пән - жаратылыстану-математикалық бағытына жатады. Аталған ресурстар оқу жоспарларымен сәйкес пәндердің толық курсын қамтиды: қазақ тілі бойынша 2-11 сыныптарға (90,9%); Қазақстан тарихы бойынша 5-11 сыныптарға (100%); математика бойынша 1-6 сыныптарға (100%); алгебра бойынша 7-11 сыныптарға (100%); геометрия бойынша 7-11 сыныптарға (100%); физика бойынша 7-11 сыныптарға (100%); химия бойынша 8-11 сыныптарға арналған (100%).

Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары үшін цифрлық білім беру контентін әзірлеу бойынша жұмыстар жасалды. 2013-2014 жылдары колледждер үшін әртүрлі мамандықтардың 16 пәндері бойынша 3,948 ЦБР әзірленді. Сонымен қатар оқу процесінің барысында Тжәне КБ жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары мектеп үшін әзірленген ЦБР пайдалана алады.

Танымал санаттар

Әзірлеушілер туралы

Электрондық оқытудың сапасын қамтамасыз ету және ең үздік әлемдік білім берудің тәжірибесін пайдалану мақсатымен 2012 жылдың 16 наурызында Астана қаласында шетелдік және отандық компаниялар кіретін цифрлық білім беру контентінің Әзірлеушілердің халықаралық консорциумы құрылды. Осы консорциумге мүше болып кіретін компаниялар («Whizz Education» (Ұлыбритания), «СИВЕКО» (Румыния), Young Digital Planet (Польша), ТОО «I-QAZAQ», ООО «ЗДримтим» (Ресей), «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ (Қазақстан), «Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті» ДГП (Қазақстан), «Математика және механика ғылыми зерттеу институты» (Қазақстан) 2012 жылдың ішінде мектеп және колледжге арналған 7043 ЦБР әзірледі.