Порталдың жаңа дизайны Хабарым бар

e-Learning жобасы

e-Learning - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

image01

1159 мектеп және колледж

2011-2013 жылдары e-Learning еліміздегі 1159 білім беру ұйымдарына, оның ішінде 89 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында енгізілді. 2020 жылы электрондық оқыту жүйесін орта білім беру ұйымдарында 90% пайдалану жоспарланған.

image01

7500 астам ЦБР

Цифрлық білім беру ресурстары – ол интерактивтік нысанда оқытуды қамтамасыз ететін оқытылатын пәндер бойынша цифрлық дидактикалық материалдар: фото суреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық моделдер, виртауалдық нақты және интерактивті моделдеу объектілері, дыбыстық жазбалар және басқада оқу материалдары.

image01

Электрондық журнал

Дәстүрлі үлгерім журналының баламасы. Білім алатын сыныптың/топтың тізімін, сабақтың өтетін күні мен тақырыбын автоматты түрде жүктеу. Бағалардың бірнеше түрлері мен типтерін қою мүмкіндігі, бір сабақ ішінде бірнеше баға қою. Білім алушының күнделігінде алған бағаларды және үй тапсырмаларын автоматты түрде көрсету.

image01

Электрондық күнделік

Білім алушының дәстүрлі күнделігінің және тәбелінің баламасы. Сабақ кестесін, мұғалімнің түсіндірмесімен ағымдағы және қорытынды бағаларды, үй тапсырмаларын бейнелейді. Баласының үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау үшін ата-анаға қолжетімді.

image01

SMS және e-mail

Жүйе өзіне SMS-хабарламаларды және оқушылардың сабақта болмау фактісі, ағымдағы бағалар және басқа да жедел ақпараттар туралы жіберілімді қосады.

image01

Есептер және статистика

Оқушылардың оқу үлгерімі. Ерікті кезеңдегі ағымдағы бағалар. Қорытынды бағалар. Орташа балл. Қатысу туралы ақпарат. Оқушылардың контингенті туралы деректер. Қызметкерлердің сапалы және сандық құрамы.

image01

Компьютерлік сыныптар

Жобаның аясында жеткізілетін қосымша компьютерлік және мобильдік сыныптар, моноблоктар, интерактивтік тақталар мен проекторлар электрондық оқытудың қолжетімділігін және тиімділігін арттырады.

image01

Интернет

Жобаға қатысатын әрбір білім беру ұйымдарына қосылған 4-10 Мбит/сек жылдамдықпен интернет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен үздіксіз оқу процесін қамтамасыз етеді.

image01

Сымсыз желі

Мобилдік Дербес компьютермен Интернетке сымсыз қолжетімділік технологияларының үйлесімдігі оқыту процесін ерекше, қызықты қылып жасауға, мектептегі үй-жайдың аясында шектелмеген кез келген уақытта, сымсыз желінің радиожабылу аймағымен қамтылған кез келген нүктесінде өткізуге мүмкіндік береді.

image01

Вебинарлар

Adobe Connect вебинарлары қашықтан оқытуды және нақты уақыт режимінде семинарларды ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылады.

image01

Оқу материалдарын құру

Интерактивтік оқу материалдарын өздігінен құру үшін педагогтар контент әзірлеуге арналған Adobe Captivate және Adobe Creative Suite құралдармен пайдаланылады.

image01

CRMS

Сыныптық бөлмені басқару жүйесі (CRMS) шет тілдері мен басқа да пәндерді компьютерлендірілген оқыту үшін, оқушылардың әрекеттерін бақылау, компьютерлермен қашықтан басқару, білімді тексеруді жүргізу, файлдармен алмасу, қарым-қатынас үшін арналған.

image01

Мемлекеттік қызметтер

2013 жылғы тамыздан бастап «Жалпы білім беретін мектептерге түсу үшін құжаттарды қабылдау», және «Оқушылардың жеке санаттарына және жалпы білім беретін мектептердегі тәрбиеленушілірге тегін тамақтану үшін құжаттарды қабылдау» ҚР БҒМ электрондық қызметтері іске қосылды.

image01

Жоба туралы

e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Жобаның негізгі мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Мақсаттары:
  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру
  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту
  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету
Жобаны енгізу кезеңдері:

Артықшылықтары

Педагогтар үшін

Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады.

Мүмкіншіліктер

Әкімшілік үшін

Нормативтік-құқықтық базаны жүргізу, есептер мен құжаттаманы әзірлеу, персоналдың кадрлық есебі, мектептің сабақ кестесін әзірлеу – осының барлығын автоматтандыруға, жақсартуға және жылдамдатуға болады.

Нақтырақ

Білім алушылар үшін

e-Learning-те оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар.

Толығырық

Ата-аналар үшін

Өзінің баласының үлгерімі және қатысуы туралы дәйекті ақпараттарды жедел алу.

Нақтырақ

Басқару органдары үшін

Білім беру саласының жағдайы туралы стаутистикалық есептерді жедел алудың мүмкіндігі. Аналитикалық таңдауларды қалыптастырудың және әртүрлі аспектідегі сала дамуының динамикасын қараудың мүмкіндігі. Корпоративтік порталдың жұмыс істеуі.

Мүмкіншіліктер

Жобаның құрауыштары

Білім беру ұйымдарын басқару

Жүйе қызметкерлер мен білім алушылардың жеке істерінің электрондық есебін жүргізеді, оқу жоспарларын жоспарлаудың құжаттарын жасауға мүмкіндік береді, Білім беру ұйымының жұмысы туралы есептерді автоматты түрде қалыптастырады.

Мүмкіншіліктер

Оқытуды басқару

Жүйе бағалардың электрондық журналын жүргізуге, күнтізбелік-тақырыптарды құруға мүмкіндік береді, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімі мен қатысуы туралы ата-аналарға автоматты түрде хабардар етеді.

Толығырық

Электрондық кітапхана

Цифрлық білім беру ресурстарын, нормативтік құжаттардың базасын, бақылау-өлшеу материалдарының деректерін қамтиды.

Мазмұны

Тестілеу жүйесі

Оқытушыларға әр түрлі тестілік тапсырмаларды құру, тағайындау және тексеру мүмкіндігін береді.

Ұлттық білім беру деректер қоры

Бұл білім беру ұйымдарының жабдықталуы, персоналы және құрамы туралы деректердің бірыңғай орталықтандырылған қоймасы. ҰБДҚ саланы жоспарлау және дамыту үшін қажетті ақпараттардан қамтиды.

Статистика және есептер

Вебинарлар

Бұл алаң әртүрлі фоматтағы іс-шараларды жүргізу үшін: әртүрлі оқыту бағдарламаларының көрсетілімдерінен бастап және сөз сөйлеулеріне дейін – Интернет арқылы нақты уақыт режимінде дәрістер, семинарлар немесе мастер-кластар.

Толығырық

Сынып бөлмесін басқару жүйесі

Педагогтарға компьютерлік сыныптарды басқаруға, оқу үй-жайындағы барлық мультимедиялық құрылғыларды пайдаланумен оқушылармен қарым-қатынас жасауға және өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Оқу материалдарын әзірлеу

Әр түрлі бағдарламалар және құралдардың көмегімен цифрлық білім беру ресурстарын, интерактивтік көрсетілімдерді, симуляцияларды, ойындар мен сабақтарды құруға және редакциялауға болады.

Білім беру ұйымдарының порталы

Оқушылар, педагогтар және білім беру басқармасының органдарының онлайн-режимінде қарым-қатынас және ақпарат алмасу мүмкіндігін жасаумен бірыңғай желіге барлық сервистерді біріктіреді.

ББҰ порталы

ҚР БҒМ корпоративтік порталы

ҚР БҒМ жұмыстарының негізгі корпоративтік процестерін автомтандыру және ішкі құжаттаманың бірыңғай қорын құру үшін арналған.

Әкімшілендіру жүйесі

e-Learning барлық ішкі жүйелерін біріктіреді және оларды басқарады, қауіпсіздікке жауап береді, жүйедегі пайдаланушыларды тануды қамтамасыз етеді. Осы ішкі жүйелердің арқасында сонымен қатар хабарлама жіберілімдері жүргізіледі.

Инфрақұрылым

Интернет

Білім беру ресурстарына және технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әрбір білім беру ұйымдарына 4-10 Мбит/сек жылдамдықпен Интернетке кең жолақты қолжетімділік берілді.

Сымсыз жергілікті желі

Білім беру ұйымдарының барлық деңгейлеріне қосымша кәбелдердің қымбат тұратын аралық қабатсыз мекеменің барлық ғимаратын қамтитын қосымшалардың кең спектрін енгізуге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат

Оқу кабинеттеріндегі моноблоктар

Электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау және әрбір оқу кабинетінде сабақ өткізу үшін оқушылар/оқытушылар үшін моноблоктар орнатылуда.

Техникалық сипаттама

Кітапханалардағы дербес компьютерлер

Цифрлық білім беру ресурстарына оқушылар және педагогтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кітапханаларда дербес компьютерлер орнатылады.

Техникалық сипаттама

Компьютерлік сынып

Жобаның аясында әрбір білім беру ұйымы жаңа модификацияланған 5-15 дербес компьютерлерден тұратын қосымша компьютерлік сыныптармен қамтамасыз етіледі.

Техникалық сипаттама

Мобильдік сынып

Жобаның мүмкіндігін кеңейту үшін әрбір білім беру ұйымы 5-15 заманауи ноутбуктарды қосқанда қосымша мобильдік компьютерлік сыныптарды алады.

Техникалық сипаттама

Мультимедиялық және перифериялық құрал-жабдықтар

Бұл цифрлық білім беру ресурстары және бейне-сабақтар тарату көрсетілімінің құралы. Жобаның барлық қатысушылары интерактивтік тақтамен және проекторлармен жабдықталған.

Техникалық сипаттама

Серверлік құрал-жабдықтар

Орталық сервер кешенін және облыстық тораптар серверлерінің кешендерін, сондай-ақ жүйенің және деректерді сақтаудың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының прокси-серверін қосады.